Екібастұз қаласы - ірі отын-энергетикалық кешен. Сондықтан да облыс қана емес, бүкіл еліміз, шет елдіктерге де жақсы таныс қала. Бұл қала теңдесі жоқ алып кәсіпорындарымен бүкіл әлемге танымал. Мұнда алып МАЭС-тер, кеніштер бар.
Қасиетті жұма күні Павлодар облысының өкіл имамы Исенов Нариман жиналған мыңдаған жамағаттың алдында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығы бойынша Отарбаев Бауыржан Болатжанұлы Екібастұз ауданы және Екібастұз қалалық мешітінің бас имамы болып тағайындалғаны туралы таныстырды. Өкіл имам өз сөзінде Бауыржан Болатжанұлы өзіне жүктеген міндетті абыроймен атқарып, ата-бабадан жалғасқан дәстүрлі дінімізді дамыту жолында қажымай еңбек ететініне сенім білдірді.
Отарбаев Бауыржан Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында 1974 жылы дүниеге келген. 1998 жылдан мешіт сауат ашу курстарында діни білім ала бастаған ол 2003-2005 ж.ж. Сирия Араб мемлекетінде Араб тілі институтын, 2004-2010 ж.ж. Сирия Араб мемлекетінде Фатһуль Ислам университетінің Шариғат факультетін оқып тәмамдады.
Дін саласында 2010 жылдан еңбек жолын бастаған Бауыржан Болатжан Семей қаласы «Тас» мешітінің наиб имамы, Тараз қаласы «Һибатулла Тарази» мешітінің ұстазы, Тараз қаласындағы «Шейх Зуннун» мешітінің бас имамы қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бері Павлодар қаласы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесінің директоры. Сонымен қатар Бауыржан Болатжанұлы ҚМДБ-ның Республикалық ақпарттық насихат тобының мүшесі ретінде еліміздің көптеген облыс, қалаларында болып асыл дінімізді насихаттап, жастардың жат ағымдар жетегінде адасудың алдын алу жолында айтарлықтай еңбек етіп келді. Отбасылы, баласы бар.
Бізде өз кезегімізде Бауыржан Болатжанұлына халықтың діни сауаттылығын көтеру, діни экстремизмнен, жат ағымдардан келетін қауіпті сейілту, дәстүрлі рухани құндылықтың жаңғыру ісіне мол үлес қосып, алға қойған мақсат-мұраттарыңызға жетуіңізді нәсіп етсін дейміз.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.06.2015
3737
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру