Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Батыс Қазақстан Облыстық қазақ драма театрында Мұқанғали Томановтың «Жәннат» драмасының премьерасы қойылды.
Бұл қойылымның шығуына Батыс Қазақстан дін істері басқармасының тапсырысы бойынша мұрындық етті. Тұсаукесер драмаға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Р.Султанов, БҚО ДІБ басшысы Т.Нығметов, Мәдениет басқармасының басшысы Д.Құсайыновтыңөздері тамашалады. Драма желісі - Қоғамымызда орын алып жатқан көріністен бір отбасының шаңырағындағы оқиғадан өрбиді. Асқар таудай әкеслерін жоғалтқан қаралы шаңырақтың қайғысын осы үйдің үлкен баласы Сүйініштің жат ағым жетегіне түсуі қоюлата түсті. Баласы үшін шыр-пыр болған Ана өмірден өтіп бара жатып, тұңғышын тура жолға болмаса да терең ойға салып кете алды. Жат ағым жетегіне темір торға тоғыту мүмкін бұл тайталастан Асан имамда тысқары қала алмады.
Драмадан айта кететін жайт дәстүрлі емес жат ағымның жетегінде жүрген қаракөз бауырлар мен имам арасындағы талас-тартыс, Сүйініштей бауырына жаны ашыған Асандай имамның бейнесі өте ұтымды шығып, қоғамдағы Имам-молда бейнесін жоғары қояды. Қойылымның әсерлі болғаны соншалықты көрермен бір отбасының аянышты халдеріне, қоғамда болып жатқан келеңсіз оқиғаларға куә болғандай көздеріне жас алды.
Театр лық толы болған Тұсаукесер соңында бей-жай отыра алмаған ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып: Бұл қойылымды үлкен тебіреніспенен, сезімменен қабылдадым. "Ауруын жасырған өледі" деп атам қазақ айтқандай қоғамдағы болып жатқан түйткілді мәселені дұрыс қозғаған. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлына Алла разы болсын! Осындай келеңсіз мәселені күн тәртібінен түсірмей, тапсырмасына сәйкес күнделікті жасап жатырған қызметіміз, - деп театр ұжымына тамаша қойылым сәтті шыққанын және әсерлі сомдаған әрбір әртіске алғысын білдірді. Кеш соңында әсерге бөленген көрермендер, ыстық ықыласын дүркін-дүркін қол шапалақтар қошеметтерін білдірді.
Ержан Жұмағожиев,
Облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.06.2015
3383
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру