Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Исламтанушы жамағатпен жүздесті

08.06.2015 2899 0 пікір

Атырау жеріне арнайы іс сапармен келген Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты, исламтанушы Рашид Мухитдиенов өңір имамдарына арналған семинар барысында бірнеше күн дәріс оқыды. 

Дегенмен, білікті исламтанушының білімінен мешіт жамағаттарының да пайдалануына мүмкіншілік туды. Атап айтқанда, қадірлі қонақ, білікті маман қалалық "Құспан молла" және "Әт-Тақуа" мешіттерінде болып, жамағаттарға тұщымды насихат жасады. 

Сондай-ақ, "Иманғали" орталық мешітінде болған исламтанушы Р.Мухитдиенов жиналған барша жамағатқа исламдағы шариғаттың маңыздылығы тақырыбында уағыз жүргізді. 

Қала мешіттерінде ақшам және құптан намаздарының аралығында жүргізілген уағыз барысында исламтанушы Р.Сражұлы ислам дінінің Ханафи фиқхы мен Матруди сенім мектебінің негізгі ұстанымдарын кеңінен түсіндіре жеткізді.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру