Маусым айының алғашқы күнінен «Иманғали» орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу орталығында Атырау облысы имамдарының біліктілігін арттыруға арналған бес күндік семинар курсы өткізілді. Бұл жолғы семинар Зайырлы мемлекет және дәстүрлі дін: өзара әрекеттесу мәселелеріне арналды. Семинар Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының» бастамасымен жүргізілді.
Міне, аталмыш семинар өз мәресіне жетіп, 4-маусым күні қорытындыланды. Оған өңірге арнайы іс сапармен келген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, Атырау облысы әкімі аппаратының «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының» директоры, филология ғылымдарының кандидаты Баязи Әбдешов, Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев қатысты. Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Нұрмағамбетұлы бүгінгі қоғам үшін имамдардың білім-біліктілігінің маңызы ерекше екенін атап, еліміздегі діни ахуалға да аз-кем тоқталды. Мұнан соң барша білім жетілдірген өңір имамдарына семинар сертификаттарын табыстап, еңбектеріне жеміс тіледі.
Айта кетейік, имамдарға жергілікті білікті мамандармен қатар Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты, исламтанушы Рашид Мухитдиенов дәріс оқыды. Осылайша мұнайлы өлкенің қала, аудан және ауыл имамдары семинар жұмысынан Зайырлы мемлекет және дәстүрлі дін: өзара әрекеттесу мәселелерін үйреніп, бүгінгі діни ағымдардың қоғамға зияндылығы жайында өз білімдерін жетілдірді.
"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2015
3072
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру