ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов облыстағы қала, аудан имамдарының ай сайынғы кезекті жиналысын облыс орталығынан ең шалғайда орналасқан Железинка ауданының мешітінде өткізді. Себебі бұл ауданға жаңадан тағайындалған жас имам Қасенов Есболдың алда атқаратын міндеттеріне қолдау көрсету, сонымен қатар облыстағы имамдардың өзара байланысын нығайту мақсаты көзделген еді. Имамдар басқосуында өткен мамыр айында жасалған жұмыстар қорытындыланып, күн тәртібіндегі атқарылуы тиіс негізгі мәселелер талқыланды.
Жиында өкіл имам Н.Исенов алда келе жатқан маңызды ай - Рамазандағы жасалатын жұмыстарға, осыған орай Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығы, ҚМДБ тарапынан жаңадан бекітілген тапсырмалар, оларды жүзеге асыру барысындағы іс –шараларға кеңінен тоқталып, имамдарға олардың орындалуы қатаң қадағаланатынын айтты.
Қасиетті айдың мәртебесі мен мерейін көтеру, мұсылмандар үшін ұлық түн – Қадір түнінің артықшылығын сезіндіру, Рамазанда ізгілікті насихаттайтын қайырымдылық шаралар – бәрі де алдағы уақытта имамдар атқаратын ауқымды да абыройлы міндет болып отыр. Сондықтан да мешіт шәкірттері арасына қасиетті Қадір түні басталып алда Құрбан Айт, Мәуліт мерекесіне дейін жалғасатын 3 кезеңмен жалғасатын «Бабаларым, Рақмет сендерге!» атты байқау жүргізіліп, жақсы дайындаған имамдар шәкірттерімен қоса қомақты жүлдеге ие болатыны туралы да хабарланды.
Өкіл имам Н.Исенов имамдарға Рамазан айында атқарылатын діни рәсімдермен қоса, рухани іс-шараларды жүйелі ұйымдстыру, рухани бағдарламалар әзірлеу, ҚМДіни Басқармасы шешімдері арқылы атқарылып жатқан ды халыққа кеңінен насихаттау қатарлы көптеген тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, барлық имамдарға аймақтық, республикалық БАҚ – пен тығыз байланыс жасау, ел ынтымағы мен діни ішкі тұрақтылықты арттыру жолында аянбай еңбек ету тапсырылды.
Сонымен қатар, өкіл имам мектеп оқушыларының арасына жаңадан басталып жатқан жазғы сауат ашу курстарының жұмысын бірқалыпты жүргізу, жастармен жұмысты күшейту, медреселер мен «Нұр-Мүбәрак» университетіне әрбір имам шәкірттер дайындау, «Fatua.kz» сайтындағы пәтуаларды қолдану, «Mazhab.kz» порталына жүктелген жоспар бойынша аудио, видео уағыздар айтып, қазақ және орыс тілдерінде мақалалар жазу мәселелерін де сөз етті.
Жиналыс соңында бір шешімге келген қала, аудан имамдары келесі жоспарлы жиналысты шілде айының соңын ала Шарбақты ауданында өткізіп Рамазан айында атқарылған елеулі іс-шаралары мен жеткен жетістіктері, кемшілік-қателіктерін саралауға пәтуа байлады.
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2015
3664
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру