ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ-ның білікті дін ғалымы Арман Баймағамбетұлы Қуанышбаев Сәтбаев қаласының «Балмағамбет Балқыбайұлы» орталық мешітіне іс-сапармен келді.
«Ижтиһәд» тақырыбында уағыз айтқан ғалым жиналған жамағатты діндегі ішкі ұсақ мәселелерінде сөз таластырмай, білім алуға үндеді. Уағыз барысында ижтиһад және мәзһаб ұстанудың маңыздылығы жайлы жамағатқа толыққанды мәлімет берілді.
Кездесу соңында жиналған жамағат өздерінің көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, өздеріне толыққанды жауаптарын алып, мешіт ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп жатты.
Сәтбаев қаласының «Балмағамбет Балқыбайұлы» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.06.2015
3539
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру