Маусым айының 4-күні «Иманғали» орталық мешітінде қала, аудан, ауыл имамдарының қатысуымен жиналыс өткізілді. Аталған жиын барысында ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров ең алдымен өңір имамдарының жыл басынан төрт бағыт бойынша атқарған жұмыстарының есебін тыңдады.
Мұнан кейін алдағы Рамазан айына дайындық мәселелері пысықталып, атқарылар іс-шаралар таныстырылды. Атап айтқанда, Рамазан айына байланысты көшелерге және мешіт аулаларына "Ораза қабыл болсын!" деген атаумен баннерлер ілу, ораза туралы БАҚ беттеріне мақалалар жириялау, мешіт жамағаттарына ауызашарлар ұйымдастыру, қадір түніне арналған арнайы бағдарлама әзірлеу, тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық шаралар ұйымдастыру жұмыстары тапсырылды.
Сонымен қатар, мешіт әдебі мен оның ішкі тазалығына жіті көңіл бөлінуін қадағалап, қадам баса келген бұқара халыққа қалтқысыз қызмет көрсету мәселесі де имамдарға жүктелді.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.06.2015
3138
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру