ҚМДБ-на қарасты Шымкент медресесінің 2015 жылғы бітіруші түлектері арнайы пәндерден бойынша кешінді емтихан тапсыруда.
Аталмыш емтихан алу үшін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің нұсқауымен арнайы комиссия құрылды. Оның құрамында ҚМДБ-ның діни оқу ағарту бөлімінің меңгерушісі Б.Бейсенбаев, Повладар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» атындағы медресенің оқытушысы Х.Аманқұлов, Шымкент медресесінің оқытушысы З.Нурсейтов және облыстық орталық мешітінің найб имамы Е.Қарақұловтар қатысты.
Жалпы, биылғы жылы Шымкент медресесін 49 шәкірт бітіреді. Оның 31 ер-бала, 18 қыз-бала. Оқу жылдары үздік танылған 10 шәкірт қызыл дипломға үміткер. Ал 7 шәкірт «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетіне, 9 шәкірт Түркия республикасы «Хасеки» діни оқу ордасына түсіп оқуларын әрі қарай жалғастыруды жоспарлауда. Қалған шәкірттер мешіттер мен медреселерде қызметке жолдама алуда. Шәкірттерге сәттілік тілейміз.
Мұхамеджан Естеміров,
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имам орынбасары
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.06.2015
3289
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру