«Иманғали» орталық мешітінде III облыстық Құран оқудан жастар арасында дүбірлі сайыс өткізілді. Аталған Құран жарыс жатқа және көркемдеп оқу бойынша екі бағытпен жалғасын тапты. Оған облыс бойынша 12-24 жас аралығындағы 26 үміткер қатысып, Алла кәламын оқудан өзара бақ сынасты. Шараны ұйымдастырған «Иманғали» орталық мешіті және Атырау қаласының жастар ресурсы.
Әрбір қатысушы жастар өздерінің Құранға деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, сауаттылықтарын таныта білді. Бір қатысушылар белгіленген сүрелердің кез келген жерінен жылдам жалғастырып кетуімен тәнті етсе, енді бір жастар әдемі де әуезді даусымен Құран аяттарын оқып, өзгелердің таңдайын қақтырды.
Әйткенмен, кіл мықтылардың ішінен оқ бойы озық шығып, дара шыққандар болды. Иә, «Алуан-алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» дегендей, сол жүзден суырылып шыққан жастардың есімін әділқазылар таңдады. Атап айтқанда, сайысқа төрелік еткен «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы Нұрсұлтан Дәрібаев, «Құспан молла» мешітінің наиб имамы Айдын Серікбаев және «Әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы Талғат Сидалиев ортақ шешімін шығарып, жүлдегерлерді анықтады. Жатқа оқу бойынша бірінші орын Тәжекенов Азаматқа, екінші орын Табараков Исмайылға бұйырды. Көркем оқудан оза шыққандығы үшін бірінші орын Иманғалиев Саламатқа, екінші орын Сағынов Ерланға және үшінші орын Каримов Серікке бұйырды.
Бірінші орын иегерлеріне 50 000 теңгеден, екінші орын алғандарға 30 000 теңгеден, ал үшінші орын жеңімпаздарына 20 000 теңгеден қаржылай сыйлық және арнайы дипломдар табысталды. Ал, өзге қатысушыларға алғыс хаттар мен қасиетті Құран кітабы сыйға тартылды.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.06.2015
3338
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру