ОҚО, Кентау қаласы «Кентау қалалық орталық» мешіті, Жастар ісі бөлімі және «Зекет» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен «1 маусым балаларды қорғау күнінде» қайырымдылық іс-шаралар өтті.
Кентау қалалық білім беру бөлімімен бірлесе отырып, орталық саябақта Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Тілләбайұы және Қалалық маслихаттың хатшысы Сырлыбаев Керімжанның қатысуымен «Балалар – өмірдің гүлі» атты науқанында денсаулығында түйіткілі бар 5-7 сынып аралығында оқитын оқушыларға ҚМДБ жанындағы «Зекет» қорының атынан мектеп киімдері және де көңілдерін көтеру мақсатында тәттілер таратылды.
№1 Мектеп базасында Кентау қалалық орталық мешітің имамы мен қалалық білім беру бөлімінің мамандары, мектеп социологтары және ата-аналардың қатысуымен «Аялай біл – сен деп соққан жүректі» атты қайырымдылық науқанында денсаулығында түйіткілі бар үйде 5-7 сыныпта оқитын 30 оқушыға ҚМДБ жанындағы «Зекет» қорының атынан мектеп киімдері үлестірілді.
1 маусым балаларды қорғау күніне байланысты Кентау қаласында орналасқан «Жансая» шипажайында дем алып, емделіп жатқан 170 балаға «Зекет» қорының атынан тәттілер таратылды.
Әлімдегі әрбір балаға Жаратушы Алла Тағаланың өзі жар болсын, және де осы қайырымдылыққа үлес қосқан әрбір мұсылман бауырларымызға Алла Тағала сауаптан жазып, екі дүние берекетін сұраймыз! Әмин!
Төлен Жомарт Бейсенбайұлы,
Кентау қалалық орталық мешітінің наиб имамы



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.06.2015
4098
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру