Дініміздегі ең сауапты іс жетімнің басынан сипау және қамқорлық таныту. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Кім Алла үшін бір жетімді басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады», – дейді.
1 маусым – Балаларды қорғау күнін ескерусіз қалдырмаған Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті біршама қайырымдылық шаралар жасады. Атап айтқанда, мешіт азаншысы Арман Урумбаев қалалық «Сабыр Қазыбаев» атындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернатына және «Отбасылық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» мемлекеттік мекемесіне арнайы құттықтай барып, ондағы бүлдіршіндерге жеміс-жидектер және тәттілер табыстады.
Сондай-ақ, айтулы мереке күні «Иманғали» орталық мешітіне ойын алаңы жасалып, оған «Атырау облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің және Облыстық есту органы зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзеу) мектеп-интернатының және мешіт жамағаттарының, қала тұрғындарының балалары тегін тәттілерден дәм татып, еркін ойын ойнап, көңілдерін сергітті.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.06.2015
3183
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру