Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балғын балаларды қуантты (ФОТО)

04.06.2015 3642 0 пікір

1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Батыс Қазақстан өкілдігінің ұйымдастыруымен бірқатар шаралар атқарылды.

Мамыр айының 29-ы күні Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Р.Султановтың өзі Орал қаласындағы "Шапағат" балалардың күндіз болуына арналған медициналық әлеуметтік мекемесіне арнайы барып игі шараға қатысты. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан қайырымдылық ретінде денсаулықтарында кінәраты бар 60 балғынға тәтті тағамдар мен сыйлықтар таратты. Балалар қорғау күніне орай ұйымдастырылған шарада сөз алған мектеп директоры Н.М.Мусина ханым демеушілік жасап, балаларды қуантып жылы сөздері мен игі істеріне ризашылығын білдіріп, Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына алғыс хатын оқып табыстады.

Мамыр айының 31-ы жұлдызы күні «Тулбаев Мухаммед-Гариф» мешітінің бас имамы Ғилманов Қажымұқан және наиб имам Жұматаш Ерғали БатысҚазақстан облыстық балалар үйіне барып бүлдіршіндерменен кездесті. Кездесу барысында Қажымұқан Елтайұлы сөз алып: Алда келе жатырған Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады. Өмір тауқыметін кешкен бүлдіршіндерге жылы сөз сөйлеп, көңілдерін сейлітті. Шара соңында өкіл имам Р.Султановтың демеушілігінен әр балаға сыйлықтар таратты.

Жаздың алғашқы күні маусым айының 1-інші күні өкіл имамымыз Руслан Тыныштықұлы Орал қаласындағы "Ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық көмекші мектеп-интернатына" барып, оларға да тамаша көңіл-сыйлап сыйлықтарын табыстады. Бас имам өз сөзінде: Елбасының Балалар құқығын қорғау 2050 статегиялық бағдарламасында көрсеткендей балалар - біздің болашығымыз! Олай болса әр күнімізді балғын-бүлдіршіндерімізге жақсы тәрбие беріп, ізгілік пен мейірімділік танытып Ертеңгі елімізге адал  қызмет атқаруына үлес қостыру, - десе, мектеп директорының тәрбие жұмысының орынбасары Айгүл Жомартқызы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармаы ұжымына шын жүректен алғысын білдірді. Мұндай қайырымдылық игі шаралар жыл бойы жалғасын таба береді.

Ержан Жұмағожиев,
Облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру