Елордада 10-11 маусым аралығында Əлемдік жəне дəстүрлі дін жетекшілерінің V съезі өтеді. Бұл жайында ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде ҚР Парламенті Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков хабарлады.
И.Адырбеков өз баяндамасында заманауи жаһандық қауіп-қатерлер алдыңғы қатарға шығып отырған қазіргі кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Əлемдік жəне дəстүрлі дін жетекшілерінің съезін шақыру туралы бастамасының маңыздылығына тоқталды.
«Съезд жұмысына 42 елден құрамында аса беделді дін өкілдері мен саяси қайраткерлері бар 80-нен астам делегация қатысады деп күтілуде. Съездің күн тəртібінде «Бейбітшілік пен даму жолындағы дін жетекшілері мен саяси қайраткерлер диалогы» тақырыбын бойынша мəселелер қаралады», – деді ол.
Алда өтетін ауқымды жиында қорытынды құжат V съезге қатысушылардың «Астана декларациясы» қабылданып, бұқараға жария етіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.06.2015
3485
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру