Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балаларға көңілді шаралар ұйымдастырылды (ФОТО)

03.06.2015 3955 0 пікір

Алла Елшісі Мұхаммед (с.ғ.с)-тің: «Мен және жетімнің қамқоршысы жұмақта мына екі саусақ секілді (сұқ саусақ пен ортаңғы саусақ) жақын боламыз» деген хадисі бар.Әрбір бала бақытты балалық шақты сезінуі тиіс. Осы өсиетті үнемі амал етуге әрекет жасап отыратын Павлодар облысындағы қала, аудан мешіттерінде, оның ішінде облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті 1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күнінің құрметіне орай  көңілді бағдарламаларды қамтитын мерекелік шаралар өткізілді.

Орталық мешіт ауласында өткен мерекелік шараның негізгі қатысушылары ретінде  200-ден астам мұқтаж және көпбалалы отбасылар балалары мен  жасөспірімдер, және №12 қазақ орта мектебінің оқушылары болды.

Шара аясында балаларға арналып арнайы батут құрылып, жүздерінде күлкі ұялаған бүлдіршіндер асыр салып ойын ойнаса, келесі жерлерде мешіт ұстаздары мен қызметшілерінің олардың арасына ұйымдастырған әртүрлі қызықты да көңілді ойындар жүріліп, балмұздақтар, дәмді сусындар мен әртүрлі ойыншықтар ең арзан бағамен көптеп сатылып жатты. Әртүрлі жарыстардан орын иеленген балалар арнайы сыйлықтар алды.

Балалардың жарқын көңілін  мешіттің Жалпы және жастар бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы келіп өнер көрсеткен әншілер мен шығармашылық топ жадырата түсті. Шара соңында орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ықпалымен және  қала кәсіпкерлерінің қолдауымен қатысушы  150 балаға түгелдей  әртүрлі жұмсақ ойыншықтардан тұратын  сый-сияпаттар табыс етілді. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру