Семей қалалық Қос мұнаралы орталық мешітінде Семей аймағына қарасты қала, аудан имамдарының біліктіліктерін арттыру мақсатында ШҚО дін істері басқармасымен Семей аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен болып өткен бес күндік семинар аяқталды.
Қасиетті жұма күні Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласынан келген Дін істер басқармасының басшысы Манарбек Мұхамеджанов Семей аймағы бойынша қызмет етіп жатқан қала, аудан имамдарының арнайы семинарына қатысты. ШҚО дін істер басқармасының басшысы Манарбек Мұхамеджанов имам-молдалардың қоғамдық пікір қалыптасуына әсер ете алатын тұлғалар екенін айтып, қызмет бабындағы кейбір мәселелерге тоқталып өтіп, имамдардың жауапкершілігін ерекше атап өтті. Өкіл имам өз сөзінде ҚМДБ тарапынан өткізілген 1-ші имамдар форумы жайлы сөз қозғап, қабылданған маңызды құжаттар жайлы әңгіме өрбітіп, осы қабылданған құжаттарды кеңінен насихаттауды тапсырды. ШҚО дін істер басқармасының басшысы Манарбек Мұхамеджанов семинарға қатысқан имамдарға сертификат табыстады.
Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.06.2015
2946
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру