Дәл қазір еліміздегі Жоғары оқу орындарында ең шешуші кезеңдер өтіп жатыр. Нұр-Мүбарак университетінде де исламтану, дінтану, екі шетел тілі мамандықтары бойынша биылғы түлектер мемлекеттік емтихандар тапсыруда.
Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі PhD докторы Ершат Оңғаров болды. Исламтанушылар ақида, философия, фиқх және оның негіздері пәндері мен қасиетті Құран бойынша соңғы төрт парадан тапсырды.
Исламтану бойынша мемлекеттік емтиханды мысырлық доктор, профессорлар Рамадан Мұхаммед Айт Һайтими мен Мұхамед Абдусаттар Жибәли , ғылым докторлары Сайд Абдулмажид Сайд-Мұхаммед, Ахмад Али Хасан Махмуд мырзалар қабылдады. Сондай-ақ Нұр-Мүбарак университетінің оқу бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Әли Әлмұхамедов пен магистр Сарсембаев Асылбек мырзалар биылғы түлектердің білімін сарапқа салды.
Төрт жыл бойы білім ізденіп, бакалавр дәрежесін иеленуге сәл қалған студенттердің де бойында қобалжу мен жауапкершілік басым. Енді алда тағы бір сынақ дипломдық жұмыстарды қорғау. Исламтану мамандығы еліміздегі тың сала болғандықтан, тақырыптар да жан-жақты.
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.06.2015
3028
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру