Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Балғын балалар шаттыққа бөленді

03.06.2015 3174 0 пікір

1 маусым Балаларды қорғау күні мерекесіне орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінде бүлдіршіндерге арналған салтанатты іс-шара өтті.

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша өкілі, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің бас имамы Ә.Қ.Дәуренбеков ашылу салтанатында сөз сөйледі. Аталмыш шараның негізгі мақсаты, өскелең ұрпаққа дәстүрлі дінімізді қанына сіңдіріп, салиқалы ұрпақ тәрбиелеу. 

«Ел боламын десең бесігіңді түзе» демекші, еліміздің болашағы болған жас бүлдіршіндер діни, рухани тәрбиелік мәні бар тақпақтар айтып, жұмбақ жасырып, мақал-мәтел айтудан, шашка ойындарынан, ер балалар батпырауық  ұшырып және де ұлттық ойынымыз теңге алу, бәйге, арқан тартыс сайыстары өткізіліп, ал қыз балаларға мешіт алаңында «Гүлденген Қазақстан» тақырыбында сурет салып, өздерінің білетін сүрелерін жатқа оқып сайысты.

Жүлделі орындарға бағалы сыйлықтар, белсене қатысушыларға ынталандыру және де көңіл көтеруге арналған сыйлықтар үлестірілді.

Мерекелік шарадан соң мешіт асханасында балаларға арналған дастархан жайылып, тәтті тағамдармен бірге балмұздақ таратылды. Ата-аналар мен мешіт қызметкерлері аталмыш шараның ұйымдастырушыларына  өз алғыстарын білдіріп және де олардың отбасының аманшылықтарына дұға тіледі.

ҚМДБ-ның Ақтөбе облысы бойынша баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру