Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

1 Маусым - халықаралық балаларды қорғау күні (ФОТО)

02.06.2015 4798 0 пікір

Елімізде жыл сайын 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтуде. Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсаттың ұйымдастыруымен 1 маусым — балаларды қорғау күніне арналған мерекелік шара өтті.

Осы мерекелік шараға жағдайы төмен отбасы балалары мен жазғы сауат ашу лагерінің шәкірттерін мешіт қызметкерлері қаламыздағы саябақтарды аралатып түрлі ойын-сауық түрлерін ойнатып, сыйлықтар мен тәтті тағамдар таратылды. Осы іс-шараға риза болған балалар, мәз-мәйрам болып қуанды. Ағартушы А.Байтұрсынов «Балам деген Ел болмаса, Елім деген бала қайдан шығады», - деген. Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет – болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру».

Бұл күні балалар қуанатын болса, ал үлкендер үшін осы күн балалар әрдайым қамқорлықта болып, қорғалу тиіс қажеттілігін есіне салып, олар өскелең ұрпақтың болашағы үшін жауапты екендігін ескертеді.

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру