Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық жасалды (ФОТО)

02.06.2015 3266 0 пікір

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарда қоғамның бір мүшесі. Оларға қайырымдылық жасап, мейірім таныту әрбір мұсылманның міндеті. Осы бағытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі қайырымдылық бағытындағы шараларды жүйелі жүргізіп келеді. Осындай шаралардың бірі Талсуат ауылдық округінде орналасқан мүгедек балаларды оңалту орталығында өткізілді.

Аталмыш қайырымдылық шарасында ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы балаларға жылы лебізін білдіріп, сый-сияпатын жасап, дұға етті.

Хадис-шарифте: «Рақымдылық танытқанға Рахман (аса Рақымды) Хақ тағала рақымдылық көрсетеді. Жер жүзіндегілерге рақымдылық танытсаңдар, көк жүзіндегілер де сендерге рақымдылық танытады»,- деген.

Осындай мейірімділік пен шапағатты сезінген сезімтал балалардың алғысы көз жанарларынан байқалып тұрды. Мұндай сауапты істер алдағы күндерде де жалғасатын болады.

Қызылорда облыстық  «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру