Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Брифинг өткізілді (ФОТО)

02.06.2015 2990 0 пікір

Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұйымдастыруымен облыстық  «Ертіс» баспасөз клубында  «Қасиетті Рамазан айын қуанышпен қарсы алып, құлшылықпен шығарып салайық!» тақырыбында арнайы баспасөз брифинг өткізілді.

Бұл шараға өңірлік «Сарыарқа самалы», «Ертіс дидары», «Шаһар», «Звезда Прииртышья» газеттерімен «Қазақстан-Павлодар» және «Ирбис»  телеарналарының журналистері қатысты. Шараға  ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исеновпен «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің наиб имамы Н.Манапбаев қатысып Рамазан айының туралы жалпы  түсініктемелер айтып, журналистерден қойылған көптеген сұрақтарға  жауап берді.

Брифинг соңында өкіл имам Нариман Ермекұлы облыстық «Халық радиосы» мен «Қазақстан-Павлодар» телеарнасына Рамазан айына қатысты арнайы сұхбаттар берді.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру