Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Тарихтан тағылым - Өткенге тағзым»

02.06.2015 3794 0 пікір

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым - Өткенге тағзым» жобасы аясындағы «Шерлі шежіре аманаты» атты V Халықаралық форумы Ақжайық өңірінің Сырым ауданында кезекті мәрте туын желбіретті.

Бұл халықаралық шараға ҚР Президент Әкімшілігі, ҚР Парламентінің қос палата өкілдері, ҚР Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері, Шет ел азаматтары, Республикамыздың әр қиырынан 100-ге жуық келген форумға мүшелері мен ҚХА мүшелері қоса Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Р.Т.Султанов та қатысты.

«Шерлі шежіре аманаты» атты V Халықаралық форумы аясында Қазақстанның Батысындағы Алашорда қозғалысының орталығы - Жымпиты елі. Алдымен форум қонақтарын Сырым ауданы қақпасы алдынан аудан әкімшілігі қарсы алды. «Сырым шыққан төбе» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Сырым аудан әкімі Абат Абайұлы Шыныбеков бүгінгі бағдарламаны таныстырып өтті.

Шара жоспар бойынша аудан орталығыдағы «Алашорда» саябағында жалғасын тапты. Жергілікті Сырым Датұлы атындағы тарихи-өлкетану мұражайының директоры А.Ойшыбаева форум қонақтарына саябақ тарихымен таныстырды. Одан әрімен Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған ескерткіш пен Ж.Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып митинг ұйымдастырылды. Кейін дөңгелек үстел ұйымдастырылса, бір жерде концерттік қойылымдар қойылып жатты.  Шара соңында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған арнайы ас берілді. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы рухтарына бағыштан құран оқып, елімізге татулық пен тұрақтылық, бейбіт пен береке тіледі. Ауданға іс-сапармен барған өкіл имам Р.Султанов арнайы аудандық мұсылмандар мешітіне ат басын бұрып, мешіттің алдағы келе жатырған Қасиетті Рамазан айына дайындығын тексерді. Жөндеуден өткеннен кейінгі мешіт құрылысымен танысып жамағатымен кездесті. 

Ержан Ергенұлы,
Облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру