Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау имамдарына арналған семинар (ФОТО)

02.06.2015 3007 0 пікір

Маусым айының 1-жұлдызы күні «Иманғали» орталық мешітінің жанындағы діни сауат ашу орталығында Атырау облысы имамдарының біліктілігін арттыруға арналған семинар курсы басталды. Бұл жолғы семинар тақырыбы «Зайырлы мемлекет және дәстүрлі дін: өзара әрекеттесу мәселелері». 

Семинардың ашылу шарасына облыстық Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шоқай, Ақпараттық талдау орталығының басшысы Ж.Есенғалиев, Атырау облысы әкімінің аппараты «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығы» біліктілік арттыру бөлімінің меңгерушісі Лаура Ғазизова қатысты.

Өңір имамдарына сәттілік тілеген ұйымдастырушылар аталған семинардың дін мамандары үшін аса пайдалы екенін атап өтті. Сондай-ақ, имамдарға жергілікті білікті мамандармен қатар Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Мухитдиенов Рашид Сражұлы дәріс оқитын болады.

Бес күнге жалғасатын семинар курсында мұнайлы өлкенің қала, аудан және ауыл имамдары Зайырлы мемлекет және дәстүрлі дін: өзара әрекеттесу мәселелерін үйреніп, бүгінгі діни ағымдардың қоғамға зияндылығы жайында өз біліктіліктерін арттыратын болады.

"Иманғали" орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру