Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Саналы ұрпақ - сапалы болашақ кепілі

01.06.2015 5455 0 пікір

1-маусым Балаларды қорғау күні қарсаңында «Әл-Мәдина» мешітінің Бас имамы Бақытжан қажы Жаңбырбайұлының ұйытқы болуымен шәкірттер арасында дүбірлі дода болып өтті. Әл-Мәдина мешітінде өтіп жатқан «Саналы ұрпақ - сапалы болашақ кепілі» атты жазғы сауат ашу курсында 70-ке жуық ер балалар тәлім алуда.

Қатысушылар арқан тартыс, қазақша күрес, қол күрес, стол теннисі, діни сұрақ-жауап ойындары арасында сайысқа түсті. «Әмин» мешітінің Бас имамы Мұсабек Ақтамберді балаларды сыйлықтармен мәз-майрам етті. Жарыс соңы мерекелік дастарханмен ұласты. Дастархан басында сөз алған Бас имам Бақытжан қажы Жаңбырбайұлы шәкірттерді мерекемен құттықтады.

Сонымен қатар, «Әл-Мәдина» мешітінің найб имамы Қажымұхан Қамбарұлы мешіт жанында тұрақты түрде жүріп жатқан сауат ашу курсының шәкірттеріне кезекті сертификаттарын табыс етті.

Әл-Мәдина мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру