Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айының алдындағы ақ дастархан

01.06.2015 3220 0 пікір

«Иманғали» орталық мешітінде өңірдегі жамағаттың бірлігін арттыру мақсатында қолға алынған «Ынтымағы жарасқан ел озады» деген бастама аясындағы кезекті айлық дастарханы жайылды.  

Оған бес жүзден аса жамағат жиналып, өзара ынтымақтың қалыптасқанын көрсетті. Ақ дастарханда ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров, облыстық Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шоқай жəне «Әт-Тақуа» мешітінің наиб имамы, дінтанушы Қанат Жұмағұл бүгінгі ислам атын жамылған діни ағымдардың қоғамға тигізер зияндылығын айтып, онан сақ болуға шақырды. Ынтымақ болса ғана, ырыстың келетінін атап, асыл дініміз исламның тек қана бірлікке үндейтінін жеткізді. Сондай-ақ, келе жатқан рамазан айын сауапты амалдармен өткізудің маңыздылығына тоқталды.

Ай сайын тұрақты жайылатын ақ дастархан басында мешіт жамағаттары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ынтымақтың туын бірге көтеріп келеді. Дастархан соңында елдің амандығы, халқымыздың ынтымағы, отанымыздың өркендеп-дамуы үшін дұға жасалды.

«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру