Балаларды қорғау күні олардың өмірін соғыстан қорғау, денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа демократиялық негізде білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.
Осыған орай 1 маусым балаларды қорғау күнінде Сәтбаев қаласы «Балмағамбет Балқыбайұлы» мешітінде «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты қайырымдылық іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараға «Мерей» балалар үйінің бүлдіршіндерін шақыртып, түрлі ойын-сауық түрлерін ойнатып, сыйлықтар мен тәтті тағамдар таратылды. Осы іс-шараға риза болған балалар, мәз-мәйрам болып қуанып жатты.
Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Өскелен ұрпақты бірлікке, отансүйгіштікке және имандылыққа тәрибелейтін осындай іс-шаралар әлі де жалғасын табады дегенге сенімдеміз.
Сәтбаев қаласы «Балмағанбет Балқыбайұлы» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.06.2015
5128
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру