Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағайлы мешітіне Бас имам тағайындалды

01.06.2015 3984 0 пікір

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Алматы қаласы, Наурызбай ауданына қарасты Қарағайлы мешітіне Көкірекбаев Ермек Жамбылұлы бас имам болып тағайындалды. Жаңа имамды жамағатқа Наурызбай ауданының Бас имамы Мусаев Абдухамит Асханұлы таныстырды.

Ермек Жамбылұлы исламтану саласында жоғары білімді маман. 2003-2007 жылдары Шымкент қаласындағы Халықаралық қазақ-араб университетін бітірген. 2013-2015 жылдары «Нұр-Мүбарак» египет ислам мәдениеті университеті, исламтану мамандығы бойынша магистратурасын тәмамдаған. 2009 жылдан бүгінгі дейін Таугүл-3 мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келді.

Жас маманды жаңа қызметімен құттықтай отырып, жұмысына толағай табыс тілейміз!

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру