Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айына орай имамдар жиналысы өтті

01.06.2015 3161 0 пікір

Алдымызда келе жатқан айлардың сұлтаны Рамазанға қарсы Жезқазған аймақтық мешітінің өкіл имамы Смағұлов Мәди Тоқпанұлының ұйымдастыруымен имамдар жиналысы өткізілді.

Өңіріміздің қала, аудан және ауыл мешіттерінің имамдары жиналып, ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының төралқа жиналысында жүктеген тапсырмаларымен танысты. Жиында жеке-жеке тоқталған мәселелерге өкіл имам дайындық жұмыстарын жүргізу керектігін ескертті. Сонымен қатар, ҚМДБ-ның діни оқу орындарына шәкірттер жіберу мәселесін де қозғады. Бас мүфтидің Рамазан айына байланысты үндеуін жергілікті газет беттерінде және телеарналарда насихаттауды тапсырды. Жазғы мезгілде мектеп жасындағы балаларға сауат ашу курсында жылдан-жылға жоғары деңгейде діни дәрістер өткізілу керектігін айтып өтті. Имамдарға діни рәсімдер мен мешіттегі 5 уақыт намаз өткізу кезінде ҚМДБ-ның бекіткен жаңа үлгідегі шапаның мүмкіндігіне қарай киіп жүруін тапсырды.

Рамазан айындағы сауапты да жауапты істеріне Алла жеңілдігін берсін деген ниетте тарқасты.

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы бойынша баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру