Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақ күресінен іріктеу сайысы өтті

01.06.2015 2957 0 пікір

Қазақ күресінен мешіт жамағаттары арасынан 2-республикалық турнирге іріктеу үшін Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті балуандар сайысын ұйымдастырды. Күреске барлық қала, аудан мешіттері жамағаттары арасынан  75 кг-нан жоғары салмақтағы 16 балуан қатысты.

Жеребе бойынша белдескен балуандардан Ақтоғай ауданы «Жандарбек» мешітінің жамағаты Сағындықов Талап 1-орын, осы ауданның «Қангелді» мешітінің жамағаты Ахметов Иманжүсіп 2-орын иеленсе қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешіті атынан үкіленіп келген Қайырбергенов Саян 3-орын иеленді.  Орын иеленген балуандарға  облыс өкіл имамының «Алғыс хатымен» қоса ақшалай сыйлықты сайыстың демеушісі, кәсіпкер азамат Әбдішев Қайрат Сансызбайұлы өз қолымен  табыс етті. Өкіл имам Н.Исенов балуандарға Алматыда өтетін қазақ күресінен 2-республикалық турнирге қатысатын жолдама беріп, спорт пен дене шынықтырудың дінімізде алатын орны туралы кеңінен уағыз-насихат айта келе: «Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүрлі дінімізді насихаттау, «Дін мен дәстүр» жобасы аясында Пайғамбарымыз (с.ғ.с)-дан сүннет болған күрес өнерін жастар арасына кеңінен насихаттау мақсатында ҚМДБ-тарапынан ұйымдастырылып жатқан бұл шараға Ақсу, Екібастұз, Ертіс, Ақтоғай ауданы сондай-ақ қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» және «Ақмешіт» мешітінің жамағаттары белсене қатысып басқаларға үлгі-өнеге көрсетті»,-деп атап өтті. 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру