ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров облыстық «Қазақстан Атырау» телеарнасыныңтікелей эфирінде жүргізілетін «Иман нұры» діни танымдықбағдарламасының қонағы болды. Бұл жолғы бағдарлама«Жұмаққа жол тап» тақырыбы аясында өрбіді.
Алдымен тележүргізуші тарапынан қойылған жұмақ, тозақ дегеніміз не және оның сипаттары қандай? Халқымыз «жұмақ ананың аяғының астында» дейді. Мұны қалай түсінуге болады? Жұмақ пен тозақтағы өмір қандай болады? Тірі кезінде жәннатпен сүйіншіленген сахабалар кімдер әрі қандай амалдар жасаған? - деген секілді сауалдар жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ, аталмыш тақырып қазіргі жағдайдағы діни ахуалды да қамти кетті. Әсіресе «дін ұстандым» деп ақиқаттан жырақ жүрген жандардың осы тақырыптағы түсініктерінің таяздығы талқыланды.
Теріс діни ағымдағы адамдар мен дәстүрлі діни бағыттың жұмақ пен тозақ туралы пікірінде нендей айырмашылық бар? Теріс діни бағыттағылар намаз оқымаған адам тозақтық деп өздері жұмақты меншіктеп алып жүргенін байқаймыз, бұл дұрыс па? - деген сынды сауалдардың да жауабын өңір имамы Батыржан Берденұлы аят-хадистер мен қоғамдағы жағдайлар аясында ақ-қарасын айырып, ара-жігін ажырата түсіндірді. Мұнымен қоса көрермендер тарапынан толассыз келген сауалдарға тұщымды жауаптар қайтарды.
«Иманғали» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.06.2015
3103
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру