Қазақстан Республикасының Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы болып өтті.
Сессияға ҚХА-ның орынбасары Е.Л.Тоғжанов, Республикалық «Қоғамдық Келісім» қоғамдық ұйымының төрайымы Н.П.Калашникова және Облыстағы өзге ұлт өкілдерінің жетекшілері мен Ассамблея мүшелері қатысты. БҚО бойынша ҚХА төрағасы, облыс әкімі Н.А.Ноғаев жетекшілік етті. Күн тәртібінде 3 мәселе көтерілді. Алдымен БҚО бойынша ҚХА төрағасының орынбасары Ғ.Қапақов сөз алса, Жаңақала аудандық мәслихат хатшысы, «Қоғамдық келісім» ұйымының мүшесі, З.Ж.Сисенғалиев өз ұсыныстарын айтып белсенділік танытты. ҚХА мүшесі, «Жайық Казактары» ұлт өкілінің жетекшісі В.В.Новиков атқарылған іс-шараларын сөзге тиек етті. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан жиын қортындысында өңір басшысы Нұрлан Асқарұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Қоғамдық келісім мен бірлік пен ынтымаққа қосқан үлесі үшін» бірқатар Ассамблея мүшелерінің жетекшілеріне «Қазақстан Халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалімен наградтады. Олардың қатарында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлына ҚХА орынбасары Ералы Лұқпанұлының өзі марапаттады. Бұл марапат Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының барша Қазақстан Халқы Ассамблеясының бірлігіне, тұрақтылығы мен татулығындағы атқарған іс-шараларының, ерен еңбегінің жемісі. Әрдайым Елбасымыз айтқандай «Мәңгілік ел» болып даму үшін «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» ауызбірлікпенен әр нәрсенің шешімін таба білсек, біздің алмайтын қамалымыз, аспайтын асуымыз жоқ екені даусыз.
Ержан Ергенұлы,
Облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.06.2015
3220
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру