Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

29.05.2015 3529 0 пікір

Жыл сайын мамыр айында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, аруағына Құран бағышталады. Биыл да Алматы орталық мешітінде жазықсыз жапа шеккендердің ұрпағы жиналды. Қасиетті Жұма күнінде саяси құрбандарды еске алып, олардың атынан құрбан шалынып, рухына Құран бағышталып, дұға жасалды. Жиылғандарға мешіт атынан азын-аулақ сый-сияпат таратылды.

Елбасы жарлығымен 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні етіп белгіленген болатын. Сталиндік қуғын-сүргінге зерттеушілер саяси репрессияны, ашаршылықты, халықтар депортациясын жатқызады. Бұл оқиғалардан 4 миллиондай Қазақстан азаматы зардап көрді. 1920-30 жылдардағы ашаршылықтан түрлі дерек бойынша қазақ халқының жартысына жуығы қырылды. Тарих бетіне қаралы ізін қалдырған осынау оқиғаның құрбандарын ақтау, ерліктеріне тағзым ету тәуелсіздікке жеткеннен кейін қолға алынды.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру