Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақжайықта өткен ғылыми конференция

28.05.2015 3145 0 пікір

Орал қаласындағы «КазИИТУ» ғылыми білім кешенінде «Террорлық әрекетке қарсы немесе Орта Азиядағы радикализммен күрес» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Ғылыми конференцияға арнайы келген терроризм мен экстремизм саласын зерттеуші профессор Татьяна Алексейқызы, Райчо (Болгария), ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы Султанов, протоиерей Владимир Гарасим, қаламыздың жоғары, арнаулы оқу орнының оқытушылары, ішкі істер департамент қызметкерлері мен студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелді «КазИИТУ» ғылыми білім кешенінің ректоры, техника ғылымының докторы, ҚР ҰИА академигі, профессор Ахметов Сайранұлы Мақсотұлының жетекшілігімен жүргізіп отырды. Алғаш сөз алған профессор Татьяна Алексейқызы өзінің ғылыми зерттеу жұмысы туралы баяндады. Өз сөзінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан елдеріндегі террорлық әрекетке барған азаматтарды, қанша жаста осындай әрекетке барғандары туралы егжей-тегжейін зерттеу жұмысын таныстырды. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлына берілді: «Құрметті осы жиынға қатысушылар! Бүгінгі қозғап айтылып отырған мәселе өте дұрыс, мұндай іске тосқауыл тек бір ғана имамның, бір оқу орны қолынан келетін іс емес баршамыздың ортақтасып жасайтын ісіміз. Соңғы жылдары елімізге білімді де білікті ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретіміздің бастамасымен пәтуа сайты ашылды. Оның өзі үлкен жеміс. Ата-бабымыз оқып ұстанған дәстүрлі Абу Ханифа мазхабы турасында бірізділік пен ауызбірлікті насихаттайды. Қазіргі таңда Батыс өңірімізге де білімді теолог, дінтанушыларымыз келіп жатыр. Осыларды пайдаланып жиі-жиі кездесу ұйымдастырайық. Мысалы, Қазақстан бойынша діни 1 жоғары оқу орны, 10 арнаулы оқу орны бар. Солардың бірі осындағы – «Орал» медресесі. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы басты 3 бағытпен жұмыс жасайды: 1.Қайырымдылық; 2.Уағыз-насихат, оқу-ағарту; 3.Жат ағыммен күрес.

Сондықтан бұл көтеріліп отырған мәселе біздің күнделікті қызметіміздің бірі. Биылғы үстіміздегі жылдың ақпан айында алғашқы рет республикалық имамдар форумы өтті. Онда мұсылмандардың бейнесі туралы 4 жинақ кітапша талқыланып қабылданған болса, Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» кітабы шыққан болатын. Бұл маңызды кітаптарды оқып шығу баршаларымыздың міндетіміз. Бұл кітаппен танысқан адам ата-дәстүр дініміз туралы толық ақпарат алып, басқа жат ағым жетегінде кетпейтініне кепілдік беремін. Сөзін қортындылай келе Елімізде Бейбітшілік пен ынтымақ болсын!» - деп түйткілді мәселені бірігіп шешуге шақырды. Одан кейін протоиерей Владимир Гарасим, аталмыш оқу орнының проректоры Аида Маратқызы, ішкі істер департаментінен, оқу орындарының кураторы Ринат Жұмагелдіұлылар өз пікірлерін талқыға салды.

Осындай қазіргі таңда күрделі де түйткілді мәселе назардан тыс қалмай ортақ шешімін табары сөзсіз. 

Жұмағожиев Ержан,
Облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру