Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айының қарсаңында өткен бас қосу (ФОТО)

27.05.2015 3574 0 пікір

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен қала, аудан имамдарының кезекті бас қосу жиыны өтті.

Жиында өткен шара барысында қозғалған тақырып, Рамазанға байланысты Бас мүфтидің халыққа Үндеуі, қажылық, уағыз-насихат жұмыстары, пітір садақа мөлшері, мешіттерге ат қою, имамдарға бірыңғай шапан үлгісін бекіту секілді мәселелер талқыланып, www.fatua.kz сайтының таныстырылымы өтті.

Имамдардың жыл басынан бері, яғни 5 айда өңір бойынша атқарылған іс-шаралар есебін баяндады. Өкіл имам Бас мүфтидің биылғы берген тапсырмасына орай Рамазан айын жоғары деңгейде атап өту қажеттігін баса айтты. Іс-шара барысында қазіргі таңда имамдардың білімін тексеру бойынша жүргізіліп жатқан аттестация нәтижесі көрсеткендей, имам-молдалардың білімдерін жетілдіру мақсатында Құран сүрелерін жаттау, қанша сүре жаттағанына орай имамдарға сертификат табыстады.

Сонымен қатар, Семей қалалық мешіттерде «Көрікті мешіт» атты тазалық бәйгесін ұйымдастырып қала мешіттерінің тазалығын, көріктілігін, жұмысын бағалап, бірінші орынды қаламыздағы Тас мешіті, екінші орынды Тыныбай мешіті, үшінші орынды Даланбай мешіттері иеленіп, мешіт имамдарына сертификат табысталып бағалы сыйлықтар берілді. Осындай «Көрікті мешіт» атты тазалық бәйгесін аудан, ауыл мешіттерінде де ұйымдастырылуын тапсырды. 

Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру