ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен аймақта рухани шаралар, діни байқаулар ұйымдастырылып, сауатты, ниеті бар шәкірттер назардан қалмай, ынталандырылып келеді.
Осы бағыттағы жоспарға сай шаралардың бірі – облыстық Құран оқу сайысы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ұйымдастырылды. Аталмыш сайысқа Ислам дініне бет бұрып, Қасиетті Құранды оқуға деген ынта-ниеті зор 50 – ге жуық жасөспірімдер мен жастар қатысты.
Құран оқу сайысы негізінен 2 бағытта өткізілді. Бірінші кезекте Құранды мәнерлеп оқудан 37 шәкірт бақ сынаса және 2 бағыт Құранның 1 парасын жатқа оқудан 13 шәкірт сайысты.
Сайысты орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы, найб имам, ұстаз Мұхтар Гаджиев және білікті имамдар саралады. Нәтижесінде мәнерлеп оқудан І орынды Сералы Мейрамбек, ІІ орынды Мархабек Арман, ІІІ орынды Сейтпенбетов Яссауи алса, 1 пара бойынша Жүнісов Азамат І орын, Нұрбек Мұхамедамин ІІ орын, Қарабаев Бекзат ІІІ орынды иеленді.
Барлық сайысқа қатысушыларға орталық мешіт тарапынан алғыс хаттар беріліп, жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.05.2015
3117
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру