Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Болашақ имамдар тарихтан сынақ тапсырды

27.05.2015 3251 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты "Орал" арнаулы білім беретін діни оқу орнында Қазақстан тарихы пәнінен Мемлекеттік емихан болып өтті.

Медреседегі Мемлекеттік емтиханға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі, директор Руслан Султанов, философия ғылымының кандидаты Қадем Сарсенов, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан Агро-Техникалық университетінің қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Қайсар Ташай және қалалық мешітінің бас имамы Алимхан Турлыбековтер комиссия құрамында болды.

Аталған оқу орнының І курстың 14 студенті Қазақстан тарихы пәнінен емтихан тапсырды. Таң сәріде басталған пәннен ауызша тапсырып, әркім өз деңгейінде білім деңгейлерін көрсетті. Нәтижесінде 6 шәкірт "бес" деген баға алса, қалған шәкірттер "Жақсы" деңгейін танытты.

Қортынды сөз алған оқу орнының басшысы Руслан Тыныштықұлы: Баршамыз Тарихты білуіміз керек. Осы биыл баспаға шыққан "Мұсылманның тұлғалық бейнесі" яғни, қазіргі имамдарымыз Қазақстан тарихын барлығын кезең-кезеңдерін жатқа білуіміз керек. Заман талабына сай қазіргі таңда дәстүрлі емес бағытқа түсіп жатқан қандас бауырларымыз осы тарихымызды, ата-дәстүрімізді білмегендіктен шатасып жатыр. Сондықтан Еліміздің ертеңгі болашағы жарқын болу үшін білім алу керек екенін баса айтып өтті. 

Ержан Жұмағожиев,
Облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру