Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көктен нұр төккен демалыс күні

27.05.2015 3276 0 пікір

Адам — табиғаттың ажырамас бөлігі. Осы табиғат – нәр алып, қуатымызды күшейтуге себепші болған алып күш. Табиғаттан Алланың шеберлігін көріп, таңдай қағатынымыз сөзсіз.

Жыл бойы Алла жолында ілім ізденген «Һибатулла Тарази» мешітінің жанынан ашылған қыздар сауат ашу курсының шәкірттері оқу жылының аяқталып қалуына байланысты табиғат аясында демалыс ұйымдастырды. Ұстаздар мен аяулы әжелер, аналар мен жастар саны 80-ді құрады. «Жас өркен» тауларына жол тартқан көліктер жаңбырдың толассыз жауынынан кері қайтуды жөн көрді. Жаратушы періштелірін жіберіп, аспан асылын шашқан күн барлығынан қайырлы емес пе? Дегенмен, іс-шара басталмас бұрын мәреге келмей медреседе жалғасын тапты. Киелі ақ дастархан жайылып, сырбаз пісірілді. Жастар мен әжелер уағыз сайысына түсті. Шаштары аққа боялса да сауат ашу курсының шәкірті болып жүрген қарагөз апаларымыз ақ баталарын беріп, Аллаға дұға етті.

Жиналған жамағат түрлі спорттық жарыстар өткізіп, күндерін қызықты әрі сауапты өткізді.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру