Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мектеп психологтарына дәріс оқылды

27.05.2015 3356 0 пікір

Атырау облысы Дін істері басқармасының қолдауымен «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы Қоғамдық қоры қала бойынша мектеп психологтарына «Дін фанаттарымен жұмыстың психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында оқыту-семинар өткізді. Шараның мақсаты – мектеп психологтарының діни білімін көтеру, психологтар арқылы оқушылардың күйзеліске қарсы тұра алатын рухани иммунитетін қалыптастыру. 

 Семинарға қатысқан ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Мансұров мектеп психологтарына «Мұсылманшылық көзқарас бойынша жан күйзелісі проблемаларын шешу жолдары» тақырыбында дәріс оқыды.

Аталған шарада Атырау облысы Дін істері басқармасының басшысы Еркінбек Шохаев оқушыларды күйзелістен сақтандырып, дұрыс бағыт-бағдар берудегі психолог мұғалімдердің жауапкершілігіне тоқталса, облыстық білім беру басқармасының бөлім басшысы Шамұрат Байжан қазіргі уақытта психолог мұғалімдерге ерекше көңіл бөліне бастағанын айта келе, алдағы уақытта психология пәні атауының Зайырлылық және дінтану негіздері болып өзгертілетінін жеткізді.

Шара барысында қалалық «Әт-Тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Тілеуов «Күйзелістің алдын-алу және қазіргі заман оқушылары мен студенттерінің бойында күйзеліске қарсы тұру қасиеттерін қалыптастыру» жайында жан-жақты сөз қозғады. Ал теолог Айбек Аташев «Дәстүрлі отбасылық құндылықтар және тәрбие мәселесі» тақырыбында дәріс оқып, жан күйзелісінің пайда болу себептерін атап көрсетті.  Психолог мұғалімдер де өз пікірлерін ортаға салып, өзекті баяндама жасаған имамдар мен теолог-дінтанушыларға алғыстарын білдірді.

«Иманғали» орталық  мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру