Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ мүшелері ОҚО да

26.05.2015 3049 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тікелей тапсырмасымен құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобы (РАНТ) жемісті жетістікке толы өз жұмысын бірнеше жылдың көлемінде атқарып келеді.

Осы ретте құрамында Т.Жакиев және М.Қыстаубаев бар РАНТ мүшелері кезекті рет атбасын Оңтүстік Қазақстанға тіреді. Жалпы ОҚО да РАНТ мүшелерінің жұмыстары мамыр айының 25-29 аралығында жүргізіледі деп жоспарлануда. Алғашқы ақпараттық-насихат жұмыстарын Т.Жакиев және М.Қыстаубаев Шымкент қалалық «А.Қаттани» мешітінен бастады. Ол жерде РАНТ мүшелері «А.Қаттани» мешітінің Бас имамы бастаған қала имамдары және жергілікті ақпараттық-насихат тобының (ЖАНТ) өкілдерімен кездесті. Кездесуде келген қонақтар жыл басында қабылданған тәлімдік 4 құжат туралы жалпы сөз қозғап, «Имамның тұлғалық келбеті» мен «ҚМДБ қызметкерінің этикасына» кеңінен тоқталып өтті. Сондай-ақ РАНТ мүшелері Шымкент қаласы бойынша бірқатар ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда ҚМДБ «Шымкент» медресесінің шәкірттерімен кездесу өткізіп, жергілікті «Айғақ» телеарнасы «Рухани имандылық» бағдарламасының түсіріліміне қатысып және қалалық «А.Қаттани» мен «Исамеддин баба» мешіттері жамағаттарына ақшам намазынан кейін уағыз айтты.

Республикалық ақпараттық-насихат тобының жұмыстары Шымкент қаласы бойынша ертең де жалғасын таппақ. 

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру