Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оралдағы веложорық

26.05.2015 3206 0 пікір

Республикамыздың Астана, Алматы, Шымкент, Орал қалаларында ғана Олимпиада күніне орай веложорық болып өтті.

Орал қаласында өткен шараға облыс басшысы Н.Ноғаев, шаһарымыздың әкімі А.Көлгінов пен қоса ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінен имам-молдаларда  ат салысып 1000-ға жуық қала тұрғыны қатынасты.

Бұрын вело жорығымыз жүру бағыты қаламыздың Салтанат сарайынан Абай алаңына дейін болушы еді, биыл Теннис кортынан П.Атоян стадионына дейін созылғанын ұйымдастырушылар айтып өтті. Елбасымыздың жыл сайынғы жолдауларында айтылғандай, халқымыздың спортпен шынығып, салауатты өмір салтының насихаттау мақсатын Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасы да қолдайтынын іспен көрсетті. Мұндай игі шаралар жалғасын таба беретіні сөзсіз.

Жұмағожа Ержан,
Облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру