Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жексенбідегі серуен (ФОТО)

25.05.2015 3732 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасына қарасты «Орал» медресе ұжымы шәкірттерімен табиғат аясына демалуға шыққан болатын.

Серуенге ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілі, «Орал» медресесінің директоры Руслан Султановтың өзі бастап барды. Шаған өзенінің жағасына жайғасқан демалушылар футболдан жарыс ұйымдастырса, дастархан басында аталмыш оқу орнының аға ұстазы Мысырлық Мұхаммед Наги Шушан мырзаның уағызын тыңдады.

Медресе басшысы Руслан Тыныштықұлы өз сөзінде шәкірттерге терең білім алуға, ертеңгі қатарымызға келетін әріптес болатыңдарын сөзге тиек етті және биылғы бітіретін медресе түлектеріне ауылдық шалғай елдімекенге дін үшін қызмет ететін шәкіртерге алғысын білдірді. Баршамыздың мақсатымыз бір екенін ойымен бөлісіп, ақыл кеңесін айтып, сыр шертті. Жасыл желектің көлеңкесінде бір сәт имани дәріс алған шәкірттер көтеріңкі көңіл-күймен тарады.

Жұмағожа  Ержан
Облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру