Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак университетінің болашақ жоспарлары талқыланды

25.05.2015 2875 0 пікір

Астанада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде Нұр-мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің болашағы жайлы келелі кездесу өтті.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов Нұр-Мүбарак университетінің басшылығы мен ҚР МСМ Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат жетекшісі Ғилымбек Мажиев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдерін қабылдап, университеттің дамуы жайлы жоспарды жан-жақты талқылады. Жақында ғана Ұлттық аккредитациядан өткен университеттің де болашаққа сенімі нық, қадамы қарымды. Сондықтан, бұл басқосудың өзі де көп жақсылықтардың бетін ашқандай. Келелі кездесуде Нұр-Мүбарак университеті түлектерін аймақтарға бөліп, жұмысқа орналастыру өзектілігі, мешіттерді ұстаздармен қамтамасыз ету жайы айтылды. Сондай-ақ университет жанындағы Әбу Ханифа ғылыми-зерттеу орталығының жұмысын жандандыру жайлы жоспарлар жан-жақты талқыланды. Әрі еліміздің ұстанымына сай Әбу Ханифа мазхабының құндылықтарын жарыққа шығарып, халықты дұрыс ақпараттандыру мәселесі де сөз болды.

Бұл кездесу Нұр-Мүбарак университетінің еліміздің дамуы мен руханиятында алатын орны ерекше екенін әрі бұған мемлекеттің де мүдделілік танытып отырғанын тағы да нақтылай түсті.

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру