Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешіті шәкірттеріне сертификат табысталды (ФОТО)

22.05.2015 3298 0 пікір

Қасиетті жұма күні «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі діни сауат ашу курсының шәкірттеріне арнайы сертификат табысталды. Салтанатты шараға ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, мешіт шәкірттеріне құттықтау лебізін білдірді.

Мешіт шәкірттерінің қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен шара Бас мүфтидің батасымен жалғасты. Бас мүфти мешіт шәкірттерін ілім жолындағы осы жетістіктерімен құттықтап, мұсылман баласы үшін білім алудың маңыздылығын атап өтті.  «Алла Елшісіің (с.ғ.с.) бір хадисінде «Ғалымдар –  пайғамбарлардың мирасқоры» екені айтылады. Ендеше, діни ілім іздеу жолында жүрген сіздердің бүгінгі қадамдарыңыз аталмыш дәрежеге жеткізетін алғашқы баспалдағы іспеттес. Алла Тағала ниеттеріңізді оңғарып, діни ілімдеріңізді одан әрі тереңдете түсуге нәсіп етсін!» – деп тілегін арнады Бас мүфти.

Шәкірттерге «2014-2015 жылдары «Әзірет Сұлтан» мешітінің діни сауат ашу курсын тәмамдағаны жайлы» сертификат табыстамас бұрын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мешіт ұстаздарының еңбегін ерекше атап өтіп, Алғыс хатпен марапаттады. Өздеріне бекітілген мешіт қызметіне қоса сауат ашу курстарын ұйымдастырып, қаншама жанның сауатын ашқан «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары мен наиб имамдарының еңбегі, расында, мақтауға тұрарлық.

Естеріңізге сала кетейік, дәл осындай салтанатты рәсім былтырғы жылы да ұйымдастырылып, мешіт шәкірттеріне І-дәрежелі сертификат берілген болатын. Ал, биылғы жылы сол білімін ары қарай жалғастырған 93 шәкірт ІІ-дәрежелі сертификатқа ие болды. Ал, биылғы жылғы І-дәрежелі сертификат 219 ер адам мен 98 әйел адамға берілді.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру