Бүгінгі таңда тұрғындар мен жастардың діни сауаттылығы артып, Исламға ден қоюы қуантады. Жастардың тура жолдан адаспай имандылыққа бет бұруы – имамдардың уағыз насихаты мен сауатты ақпараттардың берілуінің, тұрақты жұмыс жасалуының нәтижесі.
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі тұрақты түрде өңірімізге белгілі исламтанушы, дінтанушы, білікті имамдарды шақырып, насихат жұмыстарын жүргізіп, халықтың тың пікірлерін тыңдап, тығыз қарым-қатынас орнатып келеді. Осындай келелі уағыз-насихаттың бірі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бастамасымен, қалалық «Айтбай» мешітінің ұйымдастыруымен өткізілді.
Аталмыш уағызды - халық арасында кеңінен танымал болған, уағыздарын жастар қызыға тыңдайтын «Сарыағаш» медресесі директорының орынбасары, ұстаз Әбдіғаппар Сманов жүргізді.
Қалалық «Айтбай» мешітінде өткен уағыздың тақырыптары – халықты имандылыққа шақыру, намаздың маңыздылығы және тыңдаушылар тарапынан болған сұрақтар бойынша өрбіді. Мешітте аталмыш уағызды тыңдауға жиналған халық санында шек болмады деуге болады. Бұл дегеніміз,тұрғындардың Ислам дініне деген зор құрметі.
Сонымен қатар, аталмыш уағыз бүгінгі қасиетті жұма күні де жалғасын табады. Сондай-ақ Әбдіғаппар ұстаз жергілікті «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасының «Дін мен діл» бағдарламасында ұстаз және ата-ана хақысы тақырыптарында сұхбат берді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.05.2015
3519
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру