Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни сауат ашу курсының ІІ-ші кезеңі аяқталды

22.05.2015 3253 0 пікір

Алматы орталық мешіті жанындағы діни сауат ашу курсында Ақида, Фиқһ және Құран дәрістерінің І-ші және ІІ-ші кезеңін аяқтаған шәкірттерден емтихан алынып, сертификат табыс етілді.

Емтиханды Бас ұстаз Т.Сапанов, ұстаз А.Ануарбеков, А.Елжанов және ұстаз А.Көшкінбаев қабылдады.

2014 жылдың қыркүйек айында сауат ашу курсының І-ші кезеңінде әліппеден бастаған шәкірттер осы жылдың басынан ІІ-ші кезеңге өткен болатын. Бұл кезеңде шәкірттер Ақида, Фиқһ және Құран дәрістерін тереңдетіп оқыды. Шәкірттердің барлығы Фатиха сүресінен Нас сүресіне дейін Құранды ұстазбен бірге жүзінен толықтай оқып бітіріп, Құранның 30-шы парасын толық жаттады. Тіркелген 50 шәкірттің 15-іне емтиханды жақсы тапсырғандығы үшін сертификат берілді. Сонымен қатар сыйлыққа діни мазмұнды кітап таратылды.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру