Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар семинары өтті

21.05.2015 3513 0 пікір

«Һибатулла Тарази» медресесінде Тараз қаласының имамдарына арналған кезекті семинар жүргізілді.

Экстримистік топтардың белгілері, олардың атаулары, патриотизмге әсері, терроризм мәселелері жайында мағлұмат беру мақсатында өткен бұл жиында «Таблиғи жамағат», (Хизб-ут-Тахрир-аль-Ислами» «Аум Сенрике», «Талибан», «Асбат-аль-Ансар» сынды тағы басқа топтардың аты мен белгілері аталып өтілді. Семинарды «Жамбыл облыстық әкімшіліктің дін істері мәселелерін қарастыру орталығының» қолдауымен Мейірбек Усенов жүргізді.

Топтардың Қазақстан аумағындағы хронологиялық кезеңдері мен бұл топтардан келген шығындардың статистикалары сөз болды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру