Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өзге дін өкілдері ислам дінін қабылдады (ФОТО)

21.05.2015 3555 0 пікір

Қоғамды Ислам дінін қабылдап, мұсылмандыққа бет бұрған бауырларымыздың саны көбейіп жатқанын естіп, біліп жүрміз. Тіпті, дүниені дүр сілкіндірген америкалық боксшы Мұхаммед Али де, поп музыка патшасы Майкл Джексон, атақты кәсіпқой боксшы Майк Тайсонның өзі исламның құдіретін түсініп, исламды қабылдап ғана қоймай, сәждеге бас қойғандығы күллі әлемге аян.

Осындай жақсы жаңалықтың бірі – Сыр өңірінде де орын алды. Қалалық «Айтбай» мешітінің жамағаты, бұрын христиан дінінде болған, ұлты орыс және кәріс азаматшалар Ислам дінінің құдіретіне бас иіп, дінге үлкен қызығушылықпен қарап, нәтижесінде Ислам дінін қабылдады. Жамағаттың, әсіресе түрлі ұлт өкілдерінің дінімізді құрметтеп, мұсылмандыққа бет бұрып, дінді қабылдауы – ол осы жолда қызмет етуші, Ислам дінін насихаттаушы имамдардың да еңбегі деуге болады.

Өз кезегінде «Айтбай» мешітінің бас имамы Алпамыс Тілеубергенов аталмыш азаматшаларға Ислам дінінің қасиетін жеткізумен қатар, шарттарын орындап, кәлимасын айтқызып, сый-сияпатын жасады.

Ислам дінін үлкен ықыласпен, зор қуанышпен қабылдаушы азаматшаларымыз да өз ризашылығын білдірді. 

«Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру