Қасиетті дініміздің тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екенін білеміз. Мұхаммед Пайғамбар (с.а.с) «Сендердің ең жақсыларың, Құранды үйреніп оны өзгелерге үйреткендерің» - дегендей, ҚМДБ-ның Ақтөбе бойынша өкіл имамы Ә.Қ.Дәуренбековтың тапсырмасымен әйелдер жамағаты арасында Құран оқудан жарыс болып өтті.
Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған жарысқа Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Б.Тәжімбет, найб имамы Т.Алдабергенов, Араб елінен келіп «Ақтөбе медресесінде» ұстаздық етіп жатқан Адбулазиз Адли Мухаммад Ал-Саийд ұстаз және «Нұрлан Махабадұлы» мешітінің бас имамы Р.Искалиев жарыста оң бағасын беріп, үш айналым бойынша: 1-айналым «Бақара» сүресін оқу, тәжуд бойынша талдау, 2-айналым «Бәийна» сүресіне дейінгі сүрелерді жатқа айту және 3-айналым сұрақ-жауап бойынша бағалап отырды.
Жарысқа Алға, Шалқар аудандарынан да келіп, барлығы 50-ге жуық апа-сіңілілеріміз қатысты. Сайыскерлеріміздің жас ерекшелігі де әртүрлі. Ең үлкен жас 75 жасар әжей болса, ең кішкентай бүлдіршініміз 7 жасар Бақытнұр Темірбаева. Осы бүлдіршініміз 3-орынды (50 000 теңге) жеңіп алды. Ұстазы Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұстазы Жансугурова Бақыт Жаңабайқызы. Ал, 2-орынды «Нұр-Ғасыр» мешітінің ұстазы Кушкарова Кенжегүл Құрманғалиқызының шәкірті Меруерт Куандыкова иеленсе (100 000 теңге), 1-орынды Алға ауданы, Бестамақ ауылының тұрғыны, Бауыржан Нұрғалиевтің шәкірті Гүлзада Салыкова жеңіп алды (150 000 теңге ).
2-айналымға өткен он қатысушыға алғыс хаттары мен ынталандыру сыйлықтарын беріп, айналым арасында үзіліс кезіндегі ұйымдастырған сұрақ-жауапта оң жауаптарын берген көрермендерге де сыйлықтар таратты.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр-Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.05.2015
4249
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру