ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің, бас имам Талғат Сейіткәрімұлының бастамасымен құрылған облыстық ақпараттық-насихаттық топ облыс аудандарын, ауылдық округтерді аралауды жалғастыруда.
Құрамында білікті имамдары бар ІІ топ Сыр өңірінің Шиелі, Жалағаш, Сырдария аудандарына қарасты ауылдық округтер мен жалпы және орта білім беретін оқу орындарының жастарымен, тұрғындармен кездесулер өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – халықтың діни сауаттылығын арттырумен қатар, «Дін мен дәстүр» атауымен өткізіліп, ислам құндылықтары, рухани құндылықтар турасында насихаттар айтылды.
Кездесу барысында қатысушыларға жаңа серпін, жаңаша ойлар, тың ғибраттар мен ҚМДБ тарапынан қолға алынған игі бастамалар халыққа паш етілуде. Өз кезегінде қатысушы тұрғындар алған ақпараттарына алғыстарын білдіріп, сауалдарына жауап алды.
АНТ мүшелері 6 күнде 60 кездесу ұйымдастырып, халық ықыласына бөленді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.05.2015
3035
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру