Ақмола облысының бас имамы Қанат Қыдырмин қасиетті жұма күні Бурабай ауданында болып, орталық мешітте жергілікті жамағатпен кездесті. Ол өз өтінішімен имамдық қызметінен босаған Тоқсанбай Шәріповтың орнына аталған мешіттің наиб имамы Жасұлан Ертихаловты мүфтияттың бұйрығымен ауданның бас имамы болып тағайындалғанын жеткізді.
Өкіл имам өз кезегінде осы ауданда көп жыл бойы имамдық қызмет атқарған Тоқсамбай Шәріповке ризашылығын білдіріп, алғыс хат табыстады. Ал, жаңадан тағайындалған имамға алдағы жұмысына табыс тіледі.
Жергілікті жамағат атынан ауданның құрметті азаматтары Тоқсанбай Шәріповтың атына рахмет айтып, жақсы лебіз білдірді. Себебі, ол көп жылдан бері салынбай тұрған аудандық мешіттің құрылысын бітіруге және шәкірт тәрбиелеуде елеулі еңбек сіңірді. Діннің де осы өңірде өркендеуіне барынша атсалысты.
Соңынан облыс имамы хұтпа оқып, жұма намазын өткізді.
Бақыт СМАҒҰЛ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.05.2015
3841
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру