Бүгін Алматы қаласы «Төле би» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен Республикалық қан орталығы бірлескен «ЖҮРЕКТЕН - ЖҮРЕККЕ» - ll атты донорлық акциясы болып өтті.
Акцияның мақсаты қанға мұқтаж адамдарға қол ұшын беру. «Төле би» мешітінің бас имамы Кенжеәлі қажы: «Адам өміріне арашашы болудың сауабын насихаттап, ниеттеніп келуші жамағатқа алғысын білдірді».
«Донорлық акцияны ұйымдастырушы» дәрігер Гүлсара Сәрсенбина: «Донор болып, қан тапсырып отыру адамның денсаулығына өте пайдалы екенін айта келе, донор осы әрекетімен өзге жанның өмірін сақтап қалуға себебші болады» - деді.
Республикалық қан тапсыру орталығы қызметкерлеріне бөлінген мешіт бөлмесіне кезек әдеттегідей ұзақ болды. Қасиетті жұма күні жақсылық жасауға талпынып, сауапты іске құлшынғандардың қатары көп болғанымен, қан қабылдау тек сағ.16-00-ге дейін ғана өткізілді.
Жалпы, қорытынды бойынша бүгінгі донорлық акцияға 45 адам қатысып, 20 литр қан жиналды. Аталмыш акция келесі аптаның жұмасында «Орбита -3» мешітінде өткізіледі.
«Төле би» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.05.2015
3174
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру